Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Қаржылық мониторинг агенттігі Бишімбаевтың отбасының активтеріне қатысты жауап берді

Танымал

Ел аузында

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтар отбасының активтеріне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында агенттік сотталған Қуандық Бишімбаевтың отбасының активтерін тексеру туралы петицияға қаншалық назар аударатыны сұралды.

«Жарайды, міндетті түрде назар аударамыз. (…) Петицияның нәтижелерін күтіп, бір жағынан бұл мәселені қарастырамыз. Бұған міндетті түрде назар аударамыз. Уайымдамаңыздар, сіздерге міндетті түрде хабарлаймыз», – деді агенттік өкілі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚМА Бишімбаевтар отбасына қатысты істерді тергеп жатқан жоқ.

«Бізде тіркелген қылмыстық істер жоқ. Бірақ заңсыз сатып алынған қылмыстық кірістер бойынша тексерістерді тұрақты жүргіземіз. Бұл жұмыстар бізде, егер қылмыстық жолмен алынған және заңдастырылған қандай да бір заңсыз кірістер шықса, біз оларды міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартамыз», – деді Елемесов.

Еске салайық, бұған дейін «Бишімбаевтың және оның отбасының мүлкі тәркіленсін» деген петиция жарияланған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...