Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу жолдары қандай?

Танымал

Ел аузында

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы өңірде кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мамандардың айтуынша, ерте жүктілік мәселесі бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені елдің қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайында жасөспірімдерде ерте жүктілік пен босану саны жыл сайын артып келеді. Медициналық аспектіден басқа, бұл мәселенің әлеуметтік және экономикалық әсері де бар. Жасөспірімдердің жүктілігінің негізгі психо-әлеуметтік проблемаларына толыққанды білім алу мүмкін еместігі, кедейлік, шектеулі кәсіби мүмкіндіктер, толық емес отбасында баланы тәрбиелеу және жоспарланбаған жүктіліктің тез қайталануы жатады.
Осыған орай, «Жетісу Жастары» КММ-да «Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында арнайы мамандармен ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Оның шеңберінде жасөспірім кезіндегі жүктіліктің статистикасы және жүктіліктің жетіліп келе жатқан ағзаға теріс әсері, қыздарды болуы мүмкін қателіктерден сақтандыру сұрақтары қамтылды. Мәселемен күресудің ең жақсы жолы оның алдын-алу екені ескеріліп, іс-шара аясында жасөспірімдер өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Мамандардың мәлімдеуінше, ерте жүктілік деп 13-18 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Жүктілік кез келген әйел ағасына қосымша жүктеме түсіретінін айта кетсек, гормондық қайта құрылу сатысындағы жасөспірім үшін екі есе жүктеме болатыны кез-келген адамға түсінікті.
Жиынға қатысқан дәрігер акушер-гинеколог Аубакирова Алма Қасенқызының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда жас қыздардың жүктілігін болдырмаудың және жасөспірім қыздардың жүктілігін төмендетудің негізгі профилактикалық шарасы-тек сапалы, жан жақты ақпараттық ағартушылық жұмыс болып табылады екен. Дегенмен, көбінесе жасөспірімдердің жүктілік фактісі кеш танылады. Табиғи бірінші реакция-шок, ұят, кінә, шатасу, болған жағдайды қабылдағысы келмеу, қорқыныш. Бұл кейбіреулерді депрессияға ұшыратады. Олар жүктілікпен не істеу керектігін өз бетінше шеше алмайды, алдында таңдау мәселесі тұрады – жүктілікті сақтау немесе үзу. Осы сәтте, жасөспірім қыздың қасында оған ересек дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін сенетін адам болуы өте маңызды.
Сонымен қатар, жүкті жасөспірім қыздар жиі айыптауға тап болады, олар тіпті ата-аналарына да болған оқиғаны мойындаудан қорқады, проблемамен жалғыз қалады. Ерте жүктілікке байланысты қыздар мектептерді тастап кетуге мәжбүр болып, осылайша одан әрі білім алуға, дамуға шек қойылады.
Жүкті жасөспірім қыз уақтылы мамандандырылған көмек және қолдау алуы керек. Бұл жағдайда дені сау баланы көтеру және босану мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Іс-шарада, ерте жүктіліктің негізгі проблемасы – бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы екендігі айтылып, көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қала беретіні алға тартылды. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты, яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, ерте жүктілік қаупі жоғарылайды.
Сондықтан, жасөспірім жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анасымен жиі әңгімелесуі керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу қажеттілігі де бар.
Мамандар мектепте жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, тиісті дәрістер өткізу, фильмдер көру, контрацепция әдістері туралы әртүрлі және толық ақпарат беру қажеттілігін, сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар – бір адамнан екіншісіне жыныстық қатынас кезінде берілетін аурулар жайында әр жасөспірім білуі қажет екендігіне аса назар аударды.
Іс-шараны мамандар түйіндей келе, барша жастарға әртүрлi асқынулардың дамуына себепкер болатын арақ-шарап iшпеуiн, наркотикалық заттар қолданбауын, ерте жыныстық қатынасқа түспеу керегі жайлы түсіндірді. Арнайы баяндамаларымен жастар ісі бойынша испектор Еркенбекова А.Ж, денсаулық орталығының психологы Бейсембаева К.М, психолог Дайрова Ж.Б. таныстырды.
Жиын арнайы флэшмобпен және викторинамен аяқталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...