Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев 66 миллион доллар тұратын мұнай терминалынан айырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Алматы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясындағы, құны 66 миллион АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.
2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. 2024 жылғы 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.