Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Құлыбаевтың әкесі 66 миллион доллар тұратын мұнай терминалынан айырылды

Танымал

Ел аузында

Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев 66 миллион доллар тұратын мұнай терминалынан айырылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Алматы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясындағы, құны 66 миллион АҚШ доллары болатын ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген.

2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. 2024 жылғы 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...