Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қаңтар оқиғасы: Самат Әбіш неге шартты түрде сотталды?

Танымал

Ел аузында

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке шығарылған үкімге түсінік берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазақстан Респуликасы Қылмыстық кодексінің 63-бабында шартты түрде соттау қолданылмайтын қылмыстардың тізбесі бар – бұл сыбайлас жемқорлық қылмыстар, аса ауыр қылмыстар. Жалпы бұл жаза мерзімі 12 жылдан асқан және басқа да бірнеше санаттағы қылмысқа қатысты. Шартты түрде жазаны қолдануға тыйым болмаса, оны әрбір нақты жағдайда сот шешеді», – деді Назгүл Рахметуллина Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысынан соң.

Сот алқасының төрағасы елімізде шартты жаза жиі қолданылатын, бірақ онда айыпталушының мінез-құлқыда назарға алынатынын жеткізді.

«Бұл заңның бабы, соттың оны қолданбауға құқығы жоқ. Адам бұрын сотталған ба, жоқ па, оның мінез-құлқы қандай, қылмыспен келтірілген залалды өтеген бе, міне осының барлығы ескеріледі. Бұл норма кеңес кезеңінен бері қолданыста», – деді ол.

Еске салайық, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша кінәлі деп танылған еді.

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ол 8 жылға шартты мерзімге сотталған. Сот «құпия» белгісіне ие болғандықтан, жабық түрде өткен.

«Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінді. Сот сотталушының жас балаларының болуын және оның шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», – деп жазылған Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты таратқан хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...