Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Алматыда балалар анестезиологиясы мен қарқынды терапия саласының өзекті мәселелері талқыланды

Танымал

Ел аузында

25-28 қыркүйек күндері аралығында Алматыда гибридті форматта  Қазақстан балалар анестезиологтары мен реаниматологтарының республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

  Екі күнге бойы өткен конференция жұмысына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрік, Литва  елдерінің білікті мамандары, медициналық ЖОО ректорлары мен профессорлары, ғылыми институттардың жетекші мамандары мен басшылары, сонымен қатар,  өз еліміздің және шет елдің балалар анестезиологтары мен реаниматологтары, балалар мен неонаталдық анестезиология және қарқынды терапия саласының  жетекші мамандары, жалпы саны 500-ден астам дәрігерлер қатысты.  

Бас қосудың салтанатты ашылу Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың,  «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті, профессор Ерғали Миербековтың,  Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрағасының ғылыми және инновациялық қызметтер жөніндегі орынбасары Лязат Манжуованың және Түркия, Ресей және т.б. шет елдерден келген қонақтардың құттықтау алғы сөзімен ашылды.

«Балалар денсаулығын сақтау мен қорғау мемлекеттің ең басты басым бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы 3 жылда балалар өлім-жітімі азайды. Тұрақты тенденция соңғы 7 айда да сақталады. Бұл жетістіктер елімізде қабылданып жатқан жүйелі жұмыстардың арқасында мүмкін болды. Балалар анестезиологиясы мен реаниматология қызметі әрқашан біздің басты назарымызда. Бұл сала мамандарының балалар денсаулығын сақтауда алар орны ерек. Еліміздегі балалар анестезиологиялық және реаниматологиялық қызметінде Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан үлкен жұмыстар атқарылуда. Жылдан-жылға материалдық-техникалық база жақсаруда,  кадр әлеуеті артуда, үздіксіз білім алу мен жас мамандарды дайындау қолға алынуда, медициналық ЖОО жаңа кафедралар ашылуда», деп атап өтті құттықтау сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

«Балалар анестезиологтары мен реаниматологтарының конференциясы- балалар мен неонаталдық анестезиология және қарқынды терапия саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға, біліктіліктерін арттыруға және пікірталастарға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін алаң. Конференция бағдарламасын балалар анестезиолог-реаниматологтарына, неонатологтарға, трансфузиологтарға, эфферентологтарға және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына арнап жасадық. Балалардың денсаулығын қорғау Қазақстан денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті, бұл конференция отандық медицинаны дамытуға және халықаралық байланыстарды күшейтуге бағытталған Қазақстанның бүкіл анестезиологиялық қоғамдастығы өміріндегі айтулы оқиға болып табылады. Бұл біздің ауыр жағдайдағы кішкентай науқастарымызға көмектесуге қатысатын барлық мамандардың бірігуіне, ортақ мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», деп атап өтті «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» РҚБ президенті, профессор Ерғали Миербеков. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл қызмет сертификатталған 400-ден астам балалар анестезиолог-реаниматологтарын және 100-ден астам анестезиолог-реаниматологтарды біріктіреді.

Конференцияда еліміздегі балалар анестезиологиялық және реаниматологиялық қызметінің бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелері, балаларға анестезиологиялық көмек пен қарқынды емді ұйымдастыру және жетілдіру  мәселелері,  балалар анестезиологиясындағы нейромониторинг және нейронавигация мәселелері, балалар анестезиологтары мен реаниматологтарының білімі мен құқықтық аспектілері, реанимациялық және анестезиологиялық көмекте орта буын медицина қызметкерлерінің рөлі, педиатрия және неонатологиядағы анестезиолог-реаниматолог жұмысының өзекті мәселелері, оның ішінде барлық негізгі бағыттары – кардиологиялық анестезиология, нейроанестезиология, трансплантология және т.б. мәселелер талқыланып, осы саланың өзекті мәселелері жан-жақты қозғалды.  

Конференцияның алқалы жиынында анестезиология саласына көп жыл еңбек сіңірген еліміздің ардагер балалар анестезиологтары мен реаниматологтарына құрмет көрсетіліп, осы саланың білікті мамандары Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтау ісіне қосқан үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін «Ардагер анестезиолог- реаниматолог» және «Үздік анестезиолог-реаниматолог»  төсбелгілерімен марапатталды.

Конференция аясында екі бірдей ғылыми орталықта шетелдік мамандардың дәрісі мен 4 шеберлік сыныбы өтті. 100-ден аса жас мамандар қатысқан шеберлік сыныпты Түрік елінің және Ресей елінің  білікті мамандары өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – ҚР халқына мамандандырылған медициналық көмекті жақсарту мақсатында анестезиологтар мен реаниматологтардың және сабақтас мамандықтардың басын қосу, осы салада жинақталған мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын іздеу.

 Конференция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Анестезиологтар және реаниматологтар федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен  өткізілді.

Шара аясында анестезиология мен қарқынды емде қолданылатын медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің профилді көрмесі өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...