РЕСПУБЛИКА КҮНІ МАҚТААРАЛДА АТАЛЫП ӨТТІ

Танымал

Ел аузында

25 қазан Республика күніне орай Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді.
Шара барысында Мақтаарал ауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бөлебай Құнанбеков келіп, тәртіп сақшыларының мерекемен құттықтады. Өзінің қарулас әріптестермен келген Бөлебай ақсақал жас тәртәп сақшыларына қызметте өрлеу тілеп, атқарған еңбектеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаменті тарапынан 3-қызметкер, аудандық полиция бөлім бастығының бұйрығымен 15 қызметкерге марапат табысталып, бөлімге келген жас мамандардан салтанатты түрде ант қабылданды.

Департамент бастығы Мұрат Талапұлының  арнайы Алғыс хатымен елге еткен  еңбегі үшін  абыз ақсақал Амантай Жанаділұлы Ақназаров марапатталды. Кеш соңында Қазақстан Республикасының Ішкі істер қатарында ұзақ жылдар абыроймен қызмет атқарып, осы салада еңбегі сінген, талай жыл тер төккен ардагер   ақ батасын беріп, қызметкерлерге деген жақсы тілектерін арнады 

Іс-шара соңы мәдени спорттық іс-шараға ұласып, жеке құрам арасында спорттың кіші футбол түрінен тартысты ойын өтті. Нәтижесінде І орында УПИ қызметкерлері иеленсе, ІІ-орынды ЮПТ КТІЖ УПИ командасы иеленді. ІІІ-орынды КҚҚБ командасы қанағат тұтты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ШЕШІМ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантология саласын дамытуда жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Өңірде донорлық үдерістер қолданыстағы заңнама...