Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Түркістан облысының 34 полицейі министрліктен мерекелік марапат алды

Танымал

Ел аузында

Полиция департаментінде «Республика күніне» орай мерекелік жиын өтті. Салтанатты шарада мемлекетттік ту құрметпен кіргізіліп, әнұран ұлықталды. Қызмет атқару кезінде қайтыс болған полицейлер бір минут үнсіздікпен еске алынып, олардың жұбайларына арнайы сыйлық тарту етілді.

Оған қоса қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. Оның ішінде ҚР ІІМ-нің бұйрығымен «Полиция полковнигі» арнаулы атағын Қ.Ділдәбеков, С.Бахтығалиев, Ғ.Қуашбаев, Б.Жігітов иеленді. Ал «Бір саты жоғары полиция подполковнигі» арнаулы атағы А.Момбеков, Н.Қожамұратовқа тапсырылды. «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Қ.Қозыкеев, О.Қожабеков наградталды. Сондай-ақ ҚР ІІМ-нің Грамотасы Е.Пердебайға үлестірілді. Министрліктің «Алғыс хаты» 4 қызметкерге берілді.

Өңірдің дамуына, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің «Алғыс хатымен» М.Бимаханов, Е.Қожбанов, Г.Бұзақбаева марапатталды. Одан бөлек Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының Грамотасы, Алғыс хаты үлгілі қызметімен көзге түскен полицейлерге берілді. Жалпы мереке қарсаңында барлығы 171 қызметкер мадақталды.

Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов Ұлттық мерекенің мән-маңызына тоқтала отырып: «Республика күні құтты болсын! Бұл күн береке мен бірлік, татулық пен келісім орнаған тәуелсіз мемлекетіміздің жетістігін ұлықтайтын күн. Сондықтан сіз бен біз болып, өркениет көшіне ілесіп, елімізге қызмет ете берейік!», -деп тілегін жеткізді.

Шара соңы өнерлі полицейлер мен өңірдің бірқатар эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының полицейі «Үздік жедел уәкіл» жарысынан жүлдемен оралды

ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік жедел уәкіл» сайысы өтті. Онда ел аумағынан ең үздік деп танылған, өзінің...