Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

ВАШИНГТОНДА OXFORD QAZAQ DICTIONARY СӨЗДІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Танымал

Ел аузында

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН: тіл, мәдениет және ұлттық бірегейлік

22 қазанда Вашинтондағы Джорджтаун университетінде қазақ-ағылшын, ағылшын-қазақ Oxford Qazaq Dictionary сөздігі таныстырылды. Джорджтаун университетінің Еуразия аймағын зерттеуге мамандаған CERES орталығының бастамасымен сөздікті таныстыру ғылыми семинар үлгісінде өтіп, Қазақстандағы тіл, мәдениет және ұлттық бірегелік тақырыбына арналды.

Шараға Джорджтаун университетінің профессоры, CERES орталығының директоры, тарихшы Майкл Дэвид-Фокс, Мэриленд университетінің профессоры, қазақ тілінде «Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату» деген атпен шыққан танымал зерттеудің авторы Сара Кэмерон, Freedom Holding Corp. Директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Келімбетов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, сондай-ақ университет ғалымдары, оқытушылар мен  студенттер қатысты.

Таныстырылымға жиналған мамандар бұл сөздіктің қазақ тілін, мәдениетін, тарихы мен әдебиетін зерттеушілер үшін аса маңызды жаңалық екендігін айтты. Шараға қатысқан ғаламдарға, университет кітапханасына сөздіктер табысталды. Бұған дейін, 2020 жылы қазақ тілі, мәдениеті мен әдебиетін ағылшынтілді ортаға кеңінен таныстыру, насихаттау үшін Дж. Вашингтон университеті қабырғасында Абай орталығы құрылған болатын.

Oxford Qazaq Dictionary сөздігін әзірлеуде дүние жүзіне танымал Oxford университі баспасының сөздік құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынды. Сөздік құрастыру жұмысы 4 жыл үздіксіз жүріп, оған қазақ және ағылшын тілінің лексикасына маманданған 50-ден аса тәжірибелі маман атсалысты. Екі тілді сөздік 60 мыңнан аса сөзді қамтиды. Басылым 1300 беттен тұрады. Қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша Oxford сөздігінің тұңғыш басылымын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы дайындады.

Сөздік негізінде қазақ тілі Oxford Global Languages платформасына қосылды. Oxford Qazaq Dictionary қазақ тілін әлемдегі ең танымал әрі ең беделді сөздіктер желісімен байланыстырып, ғаламдық лингвистикалық ортаға қосылуға мүмкіндік берді.

Сөздік Freedom Holding Corp. қолдауымен 10 000 дана таралыммен басылды.

Freedom Holding Corp. – еншіліс Freedom компаниясы арқылы қаржы қызметтері, брокерлік операциялар, инвестиция бойынша кеңес беру, бағалы қағаздар саудасы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Холдинг негізін қалаушы – Тимур Турлов. Қазақстандық кәсіпкер, қаржыгер.

Сөздік Қазақстандағы оқу орындарының кітапханаларына тегін таратылды. Жергілікті кітап дүкендерінде сатылымға шықты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ ВАШИНГТОНДА «ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ГЕНИЙЛЕРІ. ИБН СИНА, БИРУНИ ЖӘНЕ ҰМЫТЫЛҒАН ҰЛЫЛЫҚ» КІТАБЫН ТАНЫСТЫРДЫ

21 қазанда АҚШ астанасы Вашингтондағы Америка сыртқы саясаты кеңесінің ғимаратында америкалық шығыстанушы Фредерик Старрдың «Өз заманының генийлері. Инбн Сина,...