Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Ұлытау облысындағы шахтадағы төтенше жағдай: жеті адам өлі табылды

Танымал

Ел аузында

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Құтқарушылар жеті жұмысшының денесін тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметті Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы

2025 жылы 17 ақпанда «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан шахтаның 7 қызметкері үйінді астында қалды. Кабельдер үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс та жоғалды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, ТЖМ психологтары жұмылдырылды. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтадағы төтенше жағдайдың себептерін тергеу және зардап шеккендерге көмектесу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

«Жомарт» кеніші Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі. Ал «Қазақмыс» корпорациясының ірі акционері – Kazakhmys Copper.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошло общественное слушание Проектного офиса по строительству студенческих общежитий

20 февраля в Алматы на площадке Палаты предпринимателей "Атамекен" состоялись общественные слушания, посвященные итогам работы Проектного офиса по строительству...