Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
30.8 C
Almaty
33.5 C
Shymkent

Ұлытау облысындағы шахтадағы төтенше жағдай: жеті адам өлі табылды

Танымал

Ел аузында

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Құтқарушылар жеті жұмысшының денесін тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметті Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы

2025 жылы 17 ақпанда «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан шахтаның 7 қызметкері үйінді астында қалды. Кабельдер үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс та жоғалды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, ТЖМ психологтары жұмылдырылды. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтадағы төтенше жағдайдың себептерін тергеу және зардап шеккендерге көмектесу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

«Жомарт» кеніші Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Онда мыс сульфиді өндіріледі. Ал «Қазақмыс» корпорациясының ірі акционері – Kazakhmys Copper.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Азаматтардың және ұйымдардың заңды мүдделерін, құқығын қорғау»  жоба аясында жазалы жасөспірімдермен кездесу өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесіне "Human Rights Lawyers" қоғамдық қорының  қолдауымен  «Азаматтардың және ұйымдардың заңды мүдделерін, құқығын қорғау»...