Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар: ІІМ фармацевтерге үн қатты

Танымал

Ел аузында

ІМ өкілдері трамадолды дәрігердің рецептінсіз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2023 жылы «трамадол» психотроп заты есірткінің тізіміне енгізілген. Есірткі қатарына енгізілгенге дейін «трамадол» ел бойынша сегіз мыңға жуық дәріханада сатылған. Қазір ол дәрігердің рецепті бойынша тиісті лицензиясы бар дәріханаларда ғана сатылады.

«Жыл басынан бері «трамадолды» заңсыз сақтағаны үшін үш адам қамауға алынды. Олардан 2500-ден аса таблетка тәркіленді. Осыған байланысты дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске саламыз. Медицинада қолданылатын психотроп заттар мен есірткілерді рецептсіз сату Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен қаралып, есірткіні заңсыз өткізу болып саналатынын ескертеміз», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасы бастығының орынбасары Айбек Брыков.

Айта кетейік, бұл үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Досуговом центре «Кайсар» прошел семинар по Окинава Годзю-рю каратэ-до

В Досуговом центре «Кайсар» Медеуского района состоялся семинар по традиционному виду боевых искусств – Окинава Годзю-рю каратэ-до. Мероприятие собрало...