Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Профилактика:Түркістан облысында жол белгілері жаңартылуда

Танымал

Ел аузында

Оқушылардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында Түркістан облысында жол белгілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Яғни Полиция департаментінің жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері, әкімдіктің жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге келер жолдар бойындағы жолақтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жаңартылуына белсене атсалысуда.

Полиция көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде 70 дана «Абайлаңыз балалар» паносы мен 40 дана жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар 8 жаяу жүргінші жолағы мен 20 мектеп жаны жарықтандырылды.

Осылайша «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшіліктер жойылды. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да іске асырыла бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің...