Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

Танымал

Ел аузында

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде Қазақстан оқушылары тұңғыш рет қатысып, халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғады. Бұл — еліміздегі пікірсайыс қозғалысы үшін жаңа белес, ал жас дебатерлер үшін тарихи мүмкіндік болды.

AWSDC – әлемдік деңгейдегі зияткерлік алаң

AWSDC – 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық пікірсайыс чемпионаты. Бұл турнир – тек шешендік жарыс емес, болашақ көшбасшылар мен сындарлы ойлау қабілеті жоғары жастарды даярлайтын ауқымды интеллектуалдық алаң. Биылғы турнир Бангкоктағы Anglo Singapore International School базасында өтті. Турнирдің негізгі тақырыбы – “Agents of Impact” («Ықпал агенттері») деп аталды. Бұл ұран — әлемдік мәселелерді шешудегі жастардың рөлін айқындап, турнирдің идеясын тереңірек ашуға бағытталған.

«Debat Eli» қоры – ұлттық құраманың іргетасын қалаған ұйым

Қазақстан құрамасының халықаралық аренада алғаш рет өнер көрсетуіне түрткі болған — «Debat Eli» қоғамдық қоры. Аталған қор – World Schools Debating Championships Ltd. (WSDC Ltd.) ұйымының еліміздегі ресми өкілі ретінде, осы беделді додаға қазақстандық мектеп оқушыларының қатысуын толық қамтамасыз етті. Қордың бастамасымен Қазақстаннан 15 оқушы AWSDC 2025 турниріне қатысып, білім мен логиканың, шешендік пен ой ұшқырлығының нағыз майданында бақ сынады.

Қазақстан үш командамен қатысты

2025 жылы Қазақстан бұл турнирге алғаш рет қатысып отыр. Ел атынан үш команда сынға түсті:

Ұлттық құрама – «Debat Eli» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жасақталған;

Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ);

High Tech Academy тәуелсіз командасы.

Ұлттық құрама құрамында еліміздің үздік оқушы-дебатерлері өнер көрсетті:

Ален Аусенов – “El Úmiti Cup 2024” жеңімпазы әрі үздік спикері, 2024 жылғы мектеп чемпионатының жеңімпазы;

Арина Лепехина – “El Úmiti Cup 2024” жеңімпазы, Алматы қаласының үздік мектеп дебатері;

Нұрай Кескінбаева – “El Úmiti Cup 2024” финалисі, 2025 жылғы мектеп чемпионатының жеңімпазы.

Команданың жаттықтырушысы – Айгерім Айбасова, өзі – Еуропа чемпионатының жартылай финалисі әрі 2025 жылғы Қазақстан чемпионы. Ол ұлттық құраманы кәсіби деңгейде дайындап, халықаралық сахнаға алып шықты.

Жоғары деңгейдегі дебат және бір ұпай айырмашылығы

Ұлттық құрама топтық кезеңде тартысты ойын көрсетіп, мықты қарсыластармен тең дәрежеде өнер көрсетті. Плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін тек бір ғана ұпай жетпей қалды. Бұл – өкініш емес, қайта болашақ жеңістерге негіз болар мол тәжірибе.

Жеке жетістіктер де назардан тыс қалған жоқ

High Tech Academy командасының мүшесі Коживникова Софи «Үздік жас спикер» номинациясы бойынша екінші орынды иеленіп, өзінің ерекше талантымен көзге түсті. Сонымен қатар ол Mason Korea университетінен $6 000 көлеміндегі білім грантын жеңіп алып, Қазақстанның атын халықаралық білім кеңістігінде тағы бір мәрте танытты.

Турнир жеңімпазы – Малайзия

Финалдық кезеңде Пәкістан мен Малайзия құрамалары кездесті. Тартысты пікірсайыстың нәтижесінде Малайзия командасы AWSDC 2025 чемпионы атанды.

Қазақстан үшін – бұл тек бастамасы ғана

Қазақстан үшін бұл сапар – қарапайым қатысу емес, үлкен жетістік пен үмітке толы тарихи қадам болды. Осы алғашқы қадам арқылы еліміздің пікірсайысқа бейім жасөспірімдері халықаралық деңгейге шығуға лайық екендігін дәлелдеді. Енді «Debat Eli» қорының бұл бастамасы алдағы жылдары жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты халықаралық байланыстардың негізіне айналары сөзсіз.

Суреттер Debat Eli қоғамдық қорының баспасөз қызметінен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...