Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
38.3 C
Shymkent

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Танымал

Ел аузында

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім сыйлап, әлемнің үздік жоғары оқу орындарына дайындайтын IQanat High School of Burabay мектебіне оқуға түсуді мақсат етті. Дегенмен, іріктеуден өту оңай болған жоқ: IQanat Олимпиадасына 50 мың бала қатысса, биыл олардың тек 250-і ғана грант иеленді.
Егіз бауырлар бір жыл бойы дайындалып, Олимпиаданың үш кезеңінен сәтті өтіп, 1000 финалист қатарында Алматыдағы финалға келді. Алайда, Медеудегі марапаттау рәсімінде олардың біреуі ғана грант жеңгені белгілі болды: енді егіздердің екі бөлінуіне тура келеді.
«Бірақ, көп адам ішінде оларды ешкім көзге іліп жатқан жоқ. Тек Тимирлан Гумбатовтың жұбайы Ирада ғана жанары жасқа толған қыздардың бірі бауырына өз сертификатын ұсынып жатқанын көріп қалады. Ол күйеуіне қарап: «Қарашы, егіз қыздардың біреуі ғана жеңген сияқты…» деді. Тимирлан дереу ұйымдастырушылардан жағдайды анықтап сұрап, егіздердің екіге бөліну қаупі туып тұрғанына көзі жеткен соң, бар болғаны бірнеше минут ішінде – дәл сол салтанатты рәсім барысында егіздің екінші сыңарына 3 жылдық дербес грант беру туралы шешеді. Ал бұл дегеніңіз – 21 млн теңге! Дербес грант алу үшін Айым да сахнаға шықты – қыздардың қуанышында жек шоқ, қатысушылардың бәрінің жанары жасқа толды! 1000 бала және 100 кәсіпкер! Нағыз хэппи энд!» – деп жазды бұл оқиға жайында IQanat жобасының бастамашысы әрі қамқоршысы Айдын Рахимбаев.
Қамқоршылардың бірінің жұбайы Ирада Гумбатова жеңімпаз қыздың өз сертификатын бауырына бергісі келіп жылап тұрған сәтін байқап қалады да, бұл туралы күйеуі – кәсіпкер Тимирлан Гумбатовқа айтады. Ол ойланбастан шешім қабылдады. «Егер қыздар үнемі бірге болса – онда арманына да бірге қадам бассын» деген кәсіпкер Айымға IQanat мектебінде үш жыл оқуға арналған құны 20 млн теңгеден асатын дербес грант сыйлады.
Қыздардың отбасы шалғайда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан Қазығұрт ауылында тұрады. Анасы тәрбиеші болса, әкесі жыл маусымына қарай көкөніс пен ұн сатады. Отбасында 6 бала бар. Сондықтан, егіздер үшін бұл грант өз болашағын өзгерудің мүмкіндігіне айналды.
Айым мен Гүлімнің оқиғасы – IQanat-2025 Олимпиадасының финалында болған көп оқиғаның бірі ғана. Жоспарлы 250 гранттан бөлек, тағы 20 бала салтанатты рәсім кезінде кәсіпкерлерден дербес гранттар иеленді.
IQanat жобасы мыңдаған ауыл баласына көмектесті. Түлектердің 94%-ы грант негізінде әлемнің 17 елінде білім алып жатыр. Әрбір баланың жетістігінің артында қамқоршы меценаттар тұр. Бүгінде жобаға қазақстандық 230 кәсіпкер қатысып, бүкіл ел бойынша ауыл балаларының дамуына және сапалы білім алуына өз үлесін қосып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

AWSDC 2025: Қазақстан жас дебатерлері әлем аренасына шықты

2025 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Asian World Schools Debating Championship (AWSDC) турнирінде...