Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5.9 C
Nur-Sultan
13.4 C
Almaty
21.2 C
Shymkent

«Абай-дана, Абай-дара қазақта!» атты әдеби кеш балалар колониясында өтті

Танымал

Ел аузында

         Алматы қаласы ҚАЖД қарасты №11 мекемесінде  Абайдың 180 жылдық мерекесінің аталып өтуіне байланысты  «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. 

Кеш барысында жазалы жасөспірімдер, ұлы ақынның өлеңдерін және поэмаларынан үзінділер оқыды. Іс шараға Аламаты қаласы әділет депаратаментінің бас маманы Нарымбаев Санат Есенұлы қатысты. Жазалы жасөспірімдер ақынның әндерін нақышына келтіре орындады. Бұл орайда қазақтық бас ақыны Абайдың сазгерлігін де айта кеткен орынды. Іс шарада  «Айттым сәлем Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» атты әндерін жасөспірімдер зор ықыласпен орындады. Жазалы жасөпірімдер Абай Құнанбайұлы туралы кітап көрмесін тамашалады. Сондай-ақ тағылымы мол кешке белсенді қатысқан жасөспірімдер мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Керебаев Нұрлан Серікұлы атынан мақтау қағаздармен марапатталды. 

                                                              №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Госкорпорация внедрила сервис по доставке готовых документов

Государственная корпорация «Правительство для граждан» внедрила в работу центров обслуживания населения услугу доставки готовых документов на указанный адрес. Сервис реализован...