Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

«Ауғанстан халқын үлкен тозақ күтіп тұр»: БҰҰ сұмдық мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Дэвид Бисли халықаралық қауымдастықты бейкүнә адамдардың қырылуына жол бермеуге үндеді.

“Ауған халқының тоқсан бес пайызы тамақ таппай отыр, ал біз ашыққан жұрттың ажалға қарай бет алғанын бақылап қана отырмыз. Алдағы алты ай Ауғанстан үшін Жердегі тозаққа айналады”, – деді Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бисли. Ол жақында ғана Кабулдан оралды.

Биыл тамызда батыс елдері Ауғанстанға азық-түлік пен дәрі-дәрмек беруін тоқтатты, өйткені олар “Талибан” қозғалысымен байланыс орнатқысы келмейді.

Кабулдан 50 шақырым жердегі Вардак провинциясында бірнеше жүз адам ұн кезегінде тұр. БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ұсынған көмектен ұн ғана қалған.

“Қыс жақындап қалды. Нан пісіретін ештеңе болмаса, қыстан қалай шығарымызды білмеймін”, – дейді кезекте тұрған қарт.
Тұрғындардың кейбірі ақша табу үшін қыздарын сатқан.

Дэвид Бисли халықаралық қауымдастықты бейкүнә адамдардың қырылуына жол бермеуге үндеді. “Біз балалардың аштықтан қырылуына жол бердік. Масқара. Ол балалардың қай елде тұратынына мән бермеуіміз керек”, – дейді Бисли.

Биыл тамызда “Талибан” қозғалысының содырлары елдегі билікті басып алды. Бұның алдында халықаралық күштер Ауғанстаннан шығарылған. Билікке жеткен тәліптер қыздардың білім алуын тоқтатып, ұрлық жасағандардың қол-аяғын кесуді, халық алдында өлім жазасын орындауды қайта жаңартты. Тәліптер үкіметін әлемдегі ешбір мемлекет ресми түрде мойындаған жоқ.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...