Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Тимур Балымбетов әке атанды

Тележүргізуші Тимур Балымбетов алғаш рет әке атанды. Бұл туралы тележүргізушінің өзі хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Танымал

Ел аузында

“Бүгін Иса Тимурұлы Балымбетов дүниеге келді! Біз ол туралы армандадық, оны күттік және ұзақ уақыт бойы дұға еттік. Осындай нығмет пен қуаныш сыйлағаны үшін көкке және Жаратушыға мың алғыс. Иса мен Лаура жақсы демалып жатыр. Бізді қолдап, дұға еткендердің барлығына рахмет. Лаура Балымбетова, сені шексіз сүйем”, – деп жазды Балымбетов. 

Желі қолданушылары мен өнер өкілдері ақ тілегін жазып, құттықтасып жатыр.

“Бауы берік болсын! Құттықтаймын!”, деді Ерке Есмахан.

“Құтты болсын! Бауы берік болсын”, – деді Тәуекел Мүсілім.

“Бауы берік болсын”, – деді Самат Смақов. 

“Тимур, мен сені  ұлыңның дүниеге келуімен құттықтаймын! Алла Тағала сақтасын, жарылқасын! Барлықтарыңызға денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке-бірлік берсін! Өсе берсін, күшейе бер, бақытты бол!”, – деді Альмира Тұрсын.

Қазақстандық тележүргізуші Тимур Балымбетов бір жыл бұрын шаңырақ құрды. Бұған дейін сүйіктісін көпшілікке таныстырған ол ақ құсын қолына қондырды. Сүйіктісі екеуі атаулы күнді атап өтіп, ешқандай той-жиынсыз үйленді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...