Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде.
Осы ретте Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері көше бойына шамамен 2 тонна құрылыс қалдықтарын төккен тұрғынды анықтады. Аталған құқық бұзушылық бойынша оған абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды.
Сонымен қатар тексеру барысында тағы бір тұрғынның белгіленбеген орынға шамамен 3 тонна қой қиын төккені белгілі болды. Бұл дерек бойынша да тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Жалпы жүргізілген іс-шаралар барысында бір тәулік ішінде 15 құқық бұзушылық тіркеліп, заңға сәйкес шаралар қолданылды.
Түркістан облысы полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға, белгіленген тәртіпті бұзбауға және экологиялық талаптарды қатаң ұстануға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан еліміздің өркендеуі жолында Түркістан облысы полиция Департаменті Мақтаарал аудандық полиция...