Еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің бірі саналатын алматылық зауыт үздік жеткізушілерді марапаттады

Танымал

Ел аузында

Сarlsberg Group компаниялар тобының Қазақстандағы еншілес ұйымының  үздік жергілікті жеткізушілерді анықталды. Онда  отандық өндірісті дамытуға, тұрақты тәжірибені енгізуге және ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға қосқан үлестері үшін Sustainable Partnership Awards үздік жергілікті жеткізушілерді марапаттау рәсімі өтті.

 Сыра  өнеркәсібінде әлемде төртінші орында тұрған халықаралық Сarlsberg Group компаниялар тобының вице-президенті Симон Холффмейердің (Simon Hoffmeyer) айтуынша, олардың Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы  өндіріс орындары – Болгария, Хорватия, Эстония, Грекия, Үндістан, Италия, Латвия, Непал, Сербия, Украина және Қазақстанда орналасқан. «Carlsberg Kazakhstan» өндіріс орны 1998 жылдан бері ашылған.  Қазіргі таңда ол республикадағы  ең ірі 50 салық төлеушінің қатарында тұр.  25 жылда өндірісті  жергілікті шикізатпен қамтудың көлемін 71 пайызға жеткізген өнеркәсіп орны бұл жолы үздік жергілікті жеткізушілерді марапаттап отыр. Оған   «ЕвроКристал» ЖШС – стратегиялық серіктестік пен жергілікті қаптама өндірісін дамытқаны үшін;  «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС – ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен жергілікті азық-түлік өндірісінің тұрақты дамытқаны үшін;  «Ержан» және «Бексұлтан» шаруа қожалықтары – ауылшаруашылық шикізатын жеткізудің тұрақты тізбегін дамытқаны үшін ие болды.

«Carlsberg Kazakhstan» компаниясының Корпоративтік байланыстар және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Индира Садуақасованың сөзіне қарағанда, Carlsberg Kazakhstan – еліміздің азық-түлік өнеркәсібіндегі ірі шетелдік инвесторлар мен салық төлеушілердің бірі. 2025 жылы компания мемлекет бюджетіне 37,5 миллиард теңгеден астам салық төледі. Компанияның жергілікті сатып алуларының 71 пайыздан  астамы жасалған  Қазақстанда өндірілген өнімдер мен шикізаттар құрауда.  Отандық  өндірушілерге әлемдік деңгейдегі бұл халықаралық компаниямен ынтымақтастық технологиялық ілгерілеуге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және сыртқы нарықтарға, соның ішінде Еуропалық Одаққа шығуға қосымша мүмкіндіктер ашып отыр.  Компанияның Алматы қаласындағы өндіріс орнында қазіргі таңда мыңнан астам жұмыспен қамтылған. Егер оған Алматыдағы зауыттың қызметіне қажетті шикізат пен дайын өнімдер ұсынатын Алматы қаласы мен еліміздің өзге өңірлеріндегі  серіктестердің қызметкерлерін ді қосатын болсақ бұл сан одан әрі  өсетін болады.   

«Біз жергілікті шикізатты 35 пайыздан бастап, оны жыл сайын ұлғайтып отырдық. Мәселен 2024 жылы ол 62 пайызға жеткен болатын. Соңғы екі жылда біз серіктестер санын ұлғайтып, жергілікті қамтуды 71-ге дейін ұлғайтуға мүмкуіндік алдық. Өкінішке қарай әлі де Қазақстанда бірқатар технологиялар мен өндіріс жоқ.  Бұл инфрақұрылым құрылған кезде әрине оны 100 пайызға жеткізуге болады.  Айтпақшы биыл біз  Алматы облысында Қазақстан мен Қырғызстанға PepsiCo лицензиясы бойынша алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа өндіріс кешенін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол іске қосылған кезде 700 адам жұмыспен қамтылмақ. Жаңа кешен 12 гектар аумақты алып жатқан  қазіргі өндіріс орнынан  3 есе үлкен. Яғни енді сыра өндірісінде өндіруге болмайтын өнімдер сонда шығарылады. Ондағы инвестиция көлемі өндіріс бөлігі бойынша 300 млн еуроны құрауда», – дейді «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының  Салалық қызметті дамыту бойынша директоры Максим Баглай.

 «Carlsberg Kazakhstan компаниясымен серіктес болғалы біздің де өндірісіміз дамып, жаңа деңгейге көтерілді. Атап айтқанда, техникалық базамызды жаңарттық. 5-6 жылдың ішінде 40-50 млндай инвестиция тарттық. Былтыр қожалық халықаралық аудиторлық тексерістен сәтті өтті. Қазір 500 гектар жерге арпа, 100 гектар жерге бидай өсіріп жатырмыз. Өндірген өнімнің 2 мың тоннасын серіктесімізге өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта егістік алқабын енді тағы ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – дейді Сенімді серіктесінің арқасында 15 адамды жұмыспен қамтып отырған «Бексұлтан» шаруа қожалығының басшысы Ержан Бектеміров.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері талқыланды

20 мамыр күні Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлтты педагогикалық унивенситетінде «Астана» Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында дербес деректерді...