Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Биліктен дәл осылай бірдеңе күтіп отыра берсек, 2050, 2100 жылда да осы тіліміз осы бір мүсәпір халін кеше бермек

Танымал

Ел аузында

«Егемендік алғанымызға 30 жыл болды. Тіліміз әлі жетім баланың күйін кешуде» – деп зар қақсаймыз да жатамыз ғой. Биліктен дәл осылай бірдеңе күтіп отыра берсек, 2050, 2100 жылда да осы тіліміз осы бір мүсәпір халін кеше бермек. Тіліміздің ұшпаққа шығуы үшін қадамды әр қазақ өзіміз батыл жасауымыз керек қой, ағайын. Дүкендерде, кафелерде, қызмет көрсету орындарының бәрінде қазақша сөйлейік. «Түсінбейміз» дегеннің бәрі өтірік. Бәрі түсінеді. Тек біз қазақша сөйлеп, сол тілге қажеттілікті өзіміз туындатпасақ, басқалар туындатып не қылсын?! Руслан Жанпейісов деген белсенді өмірі қазақша сөйлемейтінін бәріңіз білесіздер ғой. Орысша білмегені үшін біздің көкжағалыларды кемсітіп, басына күліп жүретін ылғи. Сол Өзбекстанда жүрген видеосын салып еді, өзбек мілитсәмен сөйлесіп тұрып, соңында өзінің өзбекше қалай гәпіріп кеткенін білмей қалды. Ал біз ше, 10 қазақ тұрып, қасымызға бір орыс, не өзбек келе қалса соның тілінде шүлдірлей жөнелеміз ғой. Өзіміз сыйламай жүрген тілді өзге ұлт сыйлап не қылсын?! Ойланайықшы

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...