Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

«Бұл мәселе Алматыда ешқашан талқыланған жоқ»:Жандарбек Бекшин жалған вакцина паспортын сатып алғандарға кешірім беру туралы

Танымал

Ел аузында

Алматыда жалған вакцина алғандарға қатысты мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, бұған дейін 25 тамызда өткен брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жалған вакцина жасатқан адамдарға рақымшылық жасау туралы мәселе қарастырылып жатқанын айтқан болатын. 

«Денсаулық сақтау министрлігінде вакцина салдырғаны туралы құжат жасатқан адамдарға рақымшылық жасау қаралып жатыр. Олар мемлекет қаржысына екі есе зиян келтіріп отыр. Сондықтан оған жеңіл қарауға болмайды. «Қателік жасаған екенмін, вакцина алайын деп едім» десе, оларға вакцина салуға болмайды. Себебі базада олар вакцина алған деп көрсетіліп тұр», –  деді Табынбаев.

Әріптесінің сөзін қостап, Алматының бас санитар дәрігері де тұрғындарды вакцина алуға шақырған болатын. 

“Қазір біз амнистия енгіздік деп айтуға болады. Қазір біз жалған вакцинация паспортын алғандарды жазалауды көздемейміз. Біз азаматтарды тегін емдейміз, ПТР-тесттен тегін өткіземіз. Қателік жасап, вакцина паспорты сатып алғандарға да тегін екпе егеміз”, – деді Бекшин. 

Алайда бұл жолы Бекшин жоғарыда айтылған мәселелерді жоққа шығарып, жалған вакцинация паспортын сатып алғандарға кешірім беру мүлдем қарастырылмағанын алға тартты. 

“Бұл мәселе Алматыда ешқашан талқыланған жоқ. Бізде әзірге бұл сұрақ бойынша қосымша ақпарат жоқ”, – дейді Бекшин. 

Қазір Алматы қазір коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр. Қалада ұжымдық иммунитет 56%-ды құрайды.

Бүгін қалада Pfizer вакцинасын салу басталды, ал ревакцинация 22 қарашада басталады.

Өткен аптада инфекция анықталған науқастардың 29%-ы сауда орындарында, 21%-ы қоғамдық көлікте, 22%-ы отбасыда, 9%-ы базарда, 9%-ы жұмыс орнында жұқтырған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...