Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Жүргізушілер жазаланады: Қазақстанда ауа райына байланысты жабылған жолдармен жүруге тыйым салу ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты жабылған жолдармен жүрген жүргізушілерді жазалау тағы да ұсынылды. Мұндай бастаманы Нұр-Сұлтан қалалық құтқару қызметінің өкілдері көтерген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл сұрақтың көтеріліп жатқаны тек биылғы жыл ғана емес екенін айта кету қажет. Соған қарамастан заңнамалық деңгейде бекіту әлі де болса мүмкін болмай тұр. Енді елордалық құтқарушылар бұл бастаманы қайталап көтеріп отыр. Және оны қазірдің өзінде «ҚазАвтоЖол» және «ҚазАвтоДор» өкілдерімен талқылап үлгерген.

Ұсыныс бойынша тазалау техникасын тәртіп бұзушыларды тіркейтін камералармен жабдықтау ұсынылуда. Содан соң материалдар полицияға тапсырылады. Олар басқалар жүргізушілердің қозғалысына кедергі жасауға әкеп соқтыратын тоқтау ережелерін бұзғаны үшін арнайы бап бойынша жазалауды көздеп отыр. Бұл үшін 30 мың теңгеге жуық айыппұл қарастырылған. Шындығанда, жаза тек айналма жолмен бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтпек болған жүргізушілерге ғана қатысты болады.

«Ауылдық жолдарды жақсы білетін, сол жолдармен жүріп кейіннен қар үйілген жерлерге тап болып, көмек сұрап тұратын жүргізушілер болады. Сонымен қатар ұялы байланыс ұстамайтын жерлер де бар», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Эльдор Райымбеков.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...