«Күйеуімен сөзге келіп қалған»: Алматыда үш баласымен бірге суицид жасаған әйелдің өлім алдындағы хаты табылды

Танымал

Ел аузында

Оқиға болған сәтте күйеуі үйде болмапты. Келіншек есікті іштен құлыптап алған.

Алматыда үш баласын тоғызыншы қабаттан лақтырып, артынан өзі секіріп өлген келіншек өлер алдында хат жазып кеткен деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, әйел күйеуімен жанжалдасып, соңы осындай қайғылы оқиғамен аяқталған. Ол алдымен терезеден үш баласын бірінен соң бірін лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен.

Sputnik порталының жазуынша, отағасының жасы 30-да болған, оқиға болған сәтте ол үйде болмапты. Келіншек есікті іштен құлыптап алған.

Қазіргі таңда полиция аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“Әлқисса” өнер мектебінің шәкірттері Нью-Йоркте ұлттық өнерді дәріптеді

Қазақтың қасиетті домбырасы тағы бір мәрте әлем сахнасында күмбірледі. “Әлқисса” өнер мектебінің дарынды шәкірттері Американың алып шаһары – Нью-Йоркке...