Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Алматы облысында су шайған бөгет 454,8 миллион теңгеге жөнделіп, биыл іске қосылған

Танымал

Ел аузында

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметіне қарағанда, 4,47 миллион текше метр су жинайтын бөгет жартылай толып тұрған.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округінің жанында кеше, қарашаның 21-і түнде бұзылған «Книжевский» су қоймасы биыл ғана пайдалануға берілген. Бұл ақпаратты Жамбыл ауданының әкімдігі таратты.

Әкімдік хабарына қарағанда, «Книжевский» су қоймасы 2019 жылы 454,8 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Ал оның алдында, су қоймасын күрделі жөндеуге арналған арнайы жоба жасау үшін 28,1 миллион теңге бөлінген.

Шайылған су қоймасына келген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Тұматаевтың сөзінше, су қоймасын күрделі жөндеуден өткізген «СК Гранд Канал» компаниясы екі жылға кепілдік берген, «сондықтан қайта қалпына келтіру шығындарын «СК Гранд Канал» компаниясы өз мойнына алуға тиіс».

Ақниет Тұматаевтың айтуынша, бөгетті су шайғаны туралы хабар түнгі сағат он бір шамасында түсіп, арнайы техника мен құтқару күштері жұмылдырылған. Төңіректегі ауылдарға қауіп төнбеген, бөгет жанындағы жол үстімен су жүрген.

«Книжевский» су қоймасының бөгетін су шайғаны туралы алғашқы ақпаратты бүгін таңертең Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан.

«Sputnik Қазақстан» ақпарат агенттігі бөгетті шайып өткен су тасқыны Қарғалы өзені бойында тұрған, қараусыз қалған үй жануарларына арналған «Белый бим» қорасын жартылай бұзғанын, жануарларды құтқарушылар мен еріктілер қауіпсіз жерге шығарғанын хабарлаған болатын.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметіне қарағанда, 4,47 миллион текше метр су жинайтын бөгет жартылай толып тұрған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...