Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақ азаматы, алған жарың мен туған перзентіңе сая бол!

Танымал

Ел аузында

ЖАРЫҢ ПЕН ПЕРЗЕНТІҢЕ САЯ БОЛ, ҚАЗАҚ ЖІГІТ!..Несін айтасыз, Түркияға қоныс тепкелі 5 айдың жүзі болды ғой. Өскен өңір, туған жер сағындырмай қоймайды. Алыстағы ағайынның әрбір қам-қарекетіне көз күзіп, құлақ түріп отырсың. Қызық қуғаннан емес, қам жегеннен… Онсыз да қазіргі тұтас кеңістік – бүтін ақпари әлем даланында ізін суытқан іс, бетін көрбілтелеген кілтипан аңдаусыз қалмайды. Әшкерелеуші – масс медиа… жедеғабыл желілер… Тұс-тұстан ағылған ақпаратты қырнап, сырлап оқуға тырыссақ та елден жеткен кілең негатив жаңалықтардан кейде көз аша алмай қаласың. Жарылыс. Ішіп-жеу. Өлім-жітім. Қымбатшылық. Бетімен кеткен ұрпақ, тағысын тағылар…Ілкі себеп, көңіліңізге тимесін, бірақ батыс ғалымдары болжамымен келіспеске болмайды. Өз алдына мемлекет болуда осы уақытқа дейінгі Орта Азияда өскен, санасы артқан қоғамның тәжірибесін жойып алдық. Елдің бұлай дал болуы, алдымен, өз алдына мемлекет болу тақырыбындағы тәжірибесіздіктен. Алғашында байқалмады. Кейіннен арасы айшықтала бастады. Сондықтан да дәл қазіргі қоғам сілкіністі қажет етіп тұрғандай. Бірақ қандай сілкініс? Елді ақылдылардың билеп, қазақ санасының шынымен жаңғыру көшіне бет түзейтін сілкініс.Екінші себеп… “Тұтас қазақ қоғамы торығып тұрғандай…” деп жазыпты бір ағамыз. Онысы рас. Мен кінәмшілікдікті ұнатпаймын. Бірақ, Біздің әрбірімізге, ең алдымен, адамияттық қабілет-қасиеттерді сіңіру керек. Мен бес айда бір кезекке таласып, автобустағы орын үшін ұрсысқан, бірінің бетін бірі тырнаған түрікті көрмедім. Бәрі жайдары. Жайбарақат. Ешкім ашу шақырмайды. Қоғамдық мекемелерге кірерде мінезін қалтасына салып кіреді. Бірде “Бір-біріңе тым суықсыңдар. Аз күлесіңдер”,- деп еді қытай досым… Күлген былай тұрсын, біз бір-бірімізге қамқор да бола алмай қалдық. Қазақ қазаққа жат жамағиеттың адамы секілді қарайды. 3. Жауапсыздық. Кез келген істі жүрдім-бардым жасауға, беткөбігін сүзіп өтуге бейімделіп алдық. Түбегейлі, тандырымды іс атқаратындар қазір аааааз, шынымен бас алмай оқитындар – сссссиииииреееек. Атқа теріс мінген телпекбай, шалағай шолақбелсендінің даңқы озған заман…Істегі, шаруашылықтағы бұл “кесір дағды” күшейіп, ендігі тұрмыс-тіршілігімізге, отбасымызға ойысты. Сөйлескен, араласқан, достасқан, тіпті, сөз байласқан адамының өмірін, оның тағдырын жауапкершілікпен өз мойнымызға алатынымызды қабылдамақ түгілі, түсінбейміз. Бір жанды жар ретінде алу – жыныстық әжетіңді өтеу емес, оның тұтас өмірін, болашағын, құндылықтарын жауапкершілікпен қабылдау деген сөз.4. Экономика, саяси себептер өздігінен-ақ менмұндалап тұр…Жалпы, жақсылық жасау, ізгілікке бас бұру, қамқорлық таныту азайған қоғамды торығу мен депрессия басады. Күні кеше биіктен құлаған жандардың басынан сипап, шерменде көңілін басатын бір жанның табылмағанына нақ сенімдімін. Әйтпесе…(Жалпы, әйтпесе-мен өмір сүруді доғарып, жетеміз, боламын, өсеміз-бен өмір сүретін кез жетті)…Қазақ азаматы, алған жарың мен туған перзентіңе сая бол! Үйлегенде, не ұсынысыңды қабыл алғанда жарың бүтін өмірін саған аманаттап, соңыңнан ереді. От пен суды қатар кешуге бел байласады… Сенеді… Біз айналамыздағы әрбір жанның тағдырына жауаптымыз… Қолыңнан келмей ме, үйленбе!!!!!!

Дастан Қастай

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...