Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Кенжебек Жанәбіловтің жары: Ұлымның ақыл-есі түзу, тек құлағының естуі төмендеу

Кенжебек Жанәбіловтің жары Жәмилә Төлегенқызы әншімен қалай танысқанын айтып берді.

Танымал

Ел аузында

Ол тұңғышының денсаулығы, жарының балалар тәрбиесіне келгендегі ұстанымдары жайлы «Жұлдыздың жары» бағдарламасында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жәмилә өзінің ағасының тойында «Музарт» тобына жаңадан қосылған Кенжебекпен танысқан. 

«Тойдың заманы ғой. Бір айдың ішінде ағам мен інім үйленді. Шаңырақта төрт той болды. Оның барлығына «Музарт» тобы қатысты.
Мейрамбек пен Сәкен ағалар менің ағамның жан достары. Сол кезде Кенжебек те келіп, мені көрген», – дейді Жәмилә Төлегенқызы.

Екеуі қыз-жігіт болып екі жылға жуық уақыт кездескен. Сол аралықта Кенжебек Жәмиләні болашақ отбасылық өмірге дайындаған. Гастрөлге жиі кететінін де бірден ескерткен. Той-концерт деп жүріп, Жанәбілов тұңғышы мен егіз қыздарының қалай өскенін де байқамай қалған сыңайлы. 

«Тұңғышымды дүниеге әкелгенде, перзентханадан шығаруға келе алмады. Бала туылып, қырқынан шыққаннан кейін келді. Ал кенже ұлымды босанғаннан кейін, 1 айдан кейін карантин басталып кетті. Үйде отырып қалып, мені енді түсініп жүр. 40 түн бойы өзі қарады. Күндіз мен, түнде ол қарап жүрді. «Қиын екен ғой» деді.Кіндігін өзі кесті. Екеуі бір-біріне қатты жақын», – дейді Жәмилә. 

Жарының айтуынша, Кенжебек қыз тәрбиесіне келгенде қатал. – Оларды көп тыяды. Басқа үйге қондырмайды, – дейді әншінің жары.

Бұдан өзге, Жәмилә құлағының естуінде кемістігі бар ұлы жайлы сыр шертті. 

«Ақыл-есі түзу, тек құлағының естуі төмендеу. Сөйлеуінде әрине, деффект болады. 6 жасында операция жасаттық. Ахметті емдетіп жүргенде елімізде есту аппараттары мен мамандардың жетіспейтінін байқадық. Шетелден алдырып, жасаттық. Аппарат қойғаннан кейін, балаға сөйлеуді үйрету – үлкен жұмыс. Әр әріпті үйрету үшін 10-15 күндеп жұмыс істейсің. Бізде сурдо-педагог мамандар аз», – дейді Жәмилә.

Басынан өткен қиыншылықтан кейін, осыған ұқсас жағдайға тап болған ата-аналарға қолғабыс ету мақсатында Кенжебек пен Жәмилә есту қабілетінде кемістігі бар балаларға арнап мектеп ашқан. Жақында мектептің тағы бір филиалын Түркістан қаласынан ашуды жоспарлап отыр. Бұл ретте Жәмилә Төлегенқызы тұңғышының ерекше бала екенін атап өтті. 

«Қабақтан сенің ішкі ойыңды түсініп қояды. Ойлау қабілеті, көзбен есте сақтау қабілеті мықты. Алғыр, ойы ұшқыр. Тез ойланып, тез жауап береді. Ешқандай комплекс жоқ. Көңілді көбірек соған бөлгендіктен, қыздар кейде ренжиді», – деді ол.

Алматыда туып-өскен Жәмилә ауылға келін болып түскенде қиналғанын жасырмады. 

«Маған сәлем салу қиын болды. Оңтүстікте дөрекі көрінетін шығар, бізде келіндер аталарымен бет сүйісіп амандасады. Кейін келін болып түскен кезде «осылай иіліп сәлем бересің» деді. Мен «жарайды» деп дәл сәлем беретін кезде ұмытып қалдым. Әркімнен бір сұрап, сәлем салуды үйрену қиын болды. Қаланың қызы далаға келін болған кезде бәрібір айырмашылық болады. Мені даланың адамдары дұрыс қабылдамауы мүмкін. Ата-енем болған жоқ. Бірақ қайын аға-әпкелерім бар. Ол кісілер мені қинаған жоқ. Аллаға шүкір, көздері ашық, көкіректері ояу. Қолымнан келгенше, ауылға барғанда үлкен кісілерге сәлемімді салып, дұрыс келін болуға тырысамын», – деді Жәмилә. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Обучающий лагерь для одаренных детей

Благотворительный фонд «Халык» для многих граждан нашей страны стал основой для развития, надежд и перемен. Фонд за годы своей...