Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Түкке ЖАРАМАЙТЫН КӨК КНИЖКА

Танымал

Ел аузында

Өз балапандарын 9 қабаттан тірідей тастап жіберген әйел тіршіліктің тауқыметіне төзе алмадым деген тілдей хат қалдырыпты. Бірақ ол жазбаны өзіміз оқымағасын ештеңе дей алмаймыз. Есесіне дәл қазіргі сәтте бай мен кедейдің арасы алшақтап, мемлекет көпбалалы отбасыларды жарылқай алмай отырғанына әбден көзім жетті. Менде көпбалалы отбасымын. Құдай бере салған 4 балапан өсіп жатыр. Үкімет соларға ай сайын ішіп-жемі мен киім-кешегіне деп ақшаның көзіне қарамай 44 мың теңге береді. (Әр балаға 11 мың теңгеден). Бірақ бір баланы бір ай бағып қағуға 11 мың жетеді деген үкіметтің логикасын банктегілердің өзі түсінбейді. Осы күні маған ешбір банк несие бермейтін болды. Өйткені отбасымызда 6 адам. Әр жанға ең төменгі күнкөріс көлемі (40 бірме мың теңге) деп 260 мың теңге шамасында ақша есептеп берді. Егер несие аламын десеңіз айлығыңыз кемі 400-500 мың теңге болуы тиіс дейді. Демек банктегілердің өзі үкімет беретін 11 мың теңге бір балаға жетпейтінін мойындап тұр. Бірақ банктерге де көпбалалы отбасыларға да қатысты ереже мен талапты ойлап тапқан үкімет мүшелері емес пе?

ПАРАДОКС. ТАҒЫ БІР ПАРАДОКС

Үлкен ұлым биыл басқа мектепке ауысты. Құжаттарын тапсырғанда апайы көпбалалы отбасы екенімізді естіген. Содан қыркүйектің ортасында хабарласып, ұлыңыз бір мезгіл тегін тамақ ішуге мүмкіндігі бар. Көпбалалы отбасыларға осындай жеңілдік қарастырылған, құжаттарыңызды өткізіңіздер деді. Өткіздік. Бірақ бір аптадан кейін қайта хабарласып, сіздің айлық табысыңыз жеткілікті екен, тегін тамақ бере алмаймыз деді. Амангүл екеуміз күлдік те қойдық. Арнұрдың бір стақан компоты мен ыстық бәлішін алып беруге өзімнің де шамам жетеді. Алла денсаулық берсін.

ТАҒЫ БІР ПАРАДОКС

Екі қызым да балабақшаға барады. Заң бойынша көпбалалы отбасылардың екі баласы бірдей садикке барса, біреуіне 50 пайыз көлемінде жеңілдік қарастырылған екен. Гүлденген Қазақстанның азаматы ретінде мұнай мен газдың нығметін бізде көрейікші деп балабақша меңгерушісіне жолыққам. Ол кісі де жеңілдік алу үшін құжат өткізу керек деді. Өткіздік. Бірақ 2-3 күннен кейін тағы отказ келді. Сол баяғы сылтау: «сіздің айлық табысыңыз жеткілікті» дейді. Сонымен қолды бір сілтеп, 4 балаға ай сайын алатын 44 мыңның 40 мыңын ай сайын екі қыздың балабақшасына төлеп жүрмін. Үстіндегі үнемделген 4 мың теңгені жинап, жазда шетелге барып демалып келсек пе деп қоямыз))).

Құдай-ау, банк несие алуға жетпейді деген айлығым неге тегін тамақ пен балабақшадан жеңілдік алуға келгенде көп болып кете береді? Осы сұраққа жауап таппай өлетін болдық. Шүкір Амангүл екеуміз аман болсақ 4 баламызды ешкімнен кенде қылмай өсіреміз, киіндіреміз. Бірақ 60 мың (Қазақстандағы ең төменгі жалақы) теңге алатын отбасылар қалай күн көреді? Көпбалалы ана деп көк книжка береді. Бірақ ол к..т сүртуге де жарамайды. Тек автобуспен жүргенде 50 пайыз жеңілдігі бар екен))). Кейде ауылдан ағам (папамды аға деймін) хабарласып, тамақтарың бар ма, не ала барайын?- дейді. Сол кезде әзілдеп «тышқан көрсек жейік деп отырмыз, есіктің алдына кептер де қонбай қалды»,-деп әзілдейтінім бар. Сондағым ет бітті, морозильниктің түбі көрінді деген сөз. Бір қойды сойып, картобын арқалап жетіп келеді. Әлгі көөөөөөп жалақымнан ет алуға көк тиын да жұмсамаймын. Бірақ соның өзі кейде жетпей жатады. Сондықтан өмірден баз кешкен кешегі ана мен үш сәбидің жоқшылықтан, таршылықтан, тауқыметтен шаршап кеттік деген сөзінде жан бар. Жазғыра бермейік. Ешкімнің басына мұндай қасірет бермесін. Ал, үш аптадан бері азық-түлік бағасы түк қымбаттаған жоқ, Қазақстандағы орташа айлық көлемі Ресейге қарағанда жылдам өсіп жатыр деп жалған ақпарат беріп, өтірікті судай сапыратын суайт министрлер біздің мұңымызды қайтсін. Қой қомпылдап отыра бермей, жұмыс істейін. Арнұрдың тамағы мен балабақшаға төлейтін ақша табуым керек)))))

Диас Нуракын

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...