Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Астаналықтар ХҚКО-дағы көліктердің кесірінен жүргізуші куәлігін ала алмай жүргендеріне шағымданды

Танымал

Ел аузында

Астаналықтар әлеуметтік желіде елордалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының автодромында жүргізуші куәлігін алуға арналған сынақтан өтетін көліктердің бұзылғанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Әйелім көптен бері көліктің болмауына байланысты практикалық емтиханға өте алмай жүр. Министрдің жасырын сапарынан кейін бір рет қана көліктерді қолдану мүмкін болған. Қазір әйелім күнде ХҚКО-ға хабарласып, көлік бар-жоғын біліп отырады. Күнде хабарласқанымен, өзгеріс жоқ, көліктер жарамсыз», – дейді елорда тұрғыны Қанат Құлшыманов.

Ол жақында ғана цифрлық даму министрі Бағдат Мусин арнайы орталыққа барып, жүргізуші куәлігін сатып жатқан жұмысшыларын ұстағанын еске салды.

«Шамасы, министр ХҚКО-ға қайта барып, құпия сатып алушының атын жамылып практикалық емтихан тапсыруы керек. Мүмкін сіздің келуіңізбен емтиханға арналған көліктер қайта жөнделетін шығар”, – деді ол.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазір бұл мәселенің реттеліп жатқанын мәлімдеді.

“Елордалық халыққа қызмет көрсету орталығының автодромының жаңа жабдыққа көшірілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының автодромында тәжірибелік емтиханды қабылдау тоқтатылды. Тәжірибелік емтихан тапсыру кезінде қозғалыс траекториясын немесе құқық бұзушылықтарды белгілейтін датчиктердің бұзылуына байланысты көлік құралдарының мерзімді бұзылуы орын алды. Кейбір үміткерлер көлік жүргізу кезінде жол ережесін сақтамай, жол жиегіне соғылады, бұл көліктің бұзылуына алып келеді”, – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» баспасөз қызметі.

Схеманың тоқтап қалуына байланысты практикалық емтиханды кешіктірген тұтынушыларға барлық жаңартулардан кейін емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Көлік жүргізу емтихандарын қайта бастау туралы қосымша хабарланады деді баспасөз қызметі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...