Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Қар, бұрқасын, қатты жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Танымал

Ел аузында

Сәрсенбі, 24 қарашада қар, бұрқасын, қатты жел мен тұманға байланысты бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидромет мәліметінше, күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасындатады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман, бұрқасын. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.  

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болжанып отыр.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында да тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтау қаласында түнде және таңертең – тұман.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр, қар жауады, облыстың шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанып отыр.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында бұрқасындатады, көктайғақ. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...