Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Депутаттар көп балалалы аналарға төленетін жәрдемақы мен зейнетақыны арттыру мәселесін көтерді

Танымал

Ел аузында

Қазақстан халық партиясының депутаты Ерлан Смайылов үкіметке жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерін көтеру туралы талап қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутат Ерлан Смайылов келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге, яғни, 41 процентке өсетінін айтты. 

«Азық-түлік өнімі, коммуналдық қызмет тарифі бағасының тұрақты өсуі мен жалпы өмір сүру құнының қымбаттауы жағдайында мүгедектігі бар адамдарға, бала тууына байланысты демалыста отырған аналарға, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге және халықтың басқа да тобынан шыққан миллиондаған қазақстандықтарға мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы көлемінің артуы аса маңызды мәселе. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге немесе 41%-ға өседі. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйінде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ», – деді Смайлов Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, халықты қорғап, үкімет пен ұлттық экономика және қаржы министрліктері алдында мәселені көтерудің орнына министрлік бюджет қаражатының тапшылығына сілтейді. Бұл ретте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың мүддесіне сай келмейтін ұстанымда отырғаны алаңдатады.

«Салалық министрлік халықты қорғау жолындағы өз миссиясының идеологиясы мен түсінігін әлдеқашан жоғалтқан республикалық ұйымға айналды. Оның атауын «бюджетті халықтан қорғау министрлігі» деп өзгерту қажет», – деді депутат.

Ал есеп комитеті жыл сайын жүздеген миллиард бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғанын анықтап жатады.

Мысалы, 2020 жылы мұндай қаржының көлемі 570 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау кезінде миллиардтаған, тіпті триллиондаған қаражат талан-таражға салынады.

Фракция депутаттары әлеуметтік төлемге басымдық беруден адам капиталына инвестиция салу тұжырымдамасына көшу қажеттігін ерекше атап өтті.

Осыған байланысты халық партиясы фракциясының депутаттары үкіметке 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарға, бала күтімі бойынша берілетін төлемақы мен көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшерін, сондай-ақ ең төменгі зейнетақыны арттыруды ұсынды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...