Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Елімізде тұрғын үй бағасы төмендей ме? Министр болжам жасады

Танымал

Ел аузында

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пәтерлер мен көліктер бағасының тұрақталатынына болжам жасады. Айтуынша осыған орай қазақстандық ведомство құрылыс материалдарының өндірісін ашумен айналысуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша қазір Индустрия министрлігі жылжымайтын мүлік бағаларының күрт көтерілуіне жол бермес үшін құрылыс материалдарының жаңа өндірісін ашу жұмыстарын қолға алған.

“Біз бірқатар материалдарды өндіруді жоспарлап отырмыз. Алда іске асырылуы тиіс 35 жоба бар.”-деді министр.

Сонымен қатар Қазақстанда санфаяр мен керамика шығаратын зауыт саны Республика бойынша үшеу-ақ. Ал бұл аз көрсеткіш. Сондықтан алдағы уақытта өндіріске жаңа зауыттар қосылатынын айтты.

“ Біз тағы үш кәсіпорынды іске қосуды және керамикалық плиткаларға деген қажеттілігімізді 100% жабуды жоспарлап отырмыз»-деді Бейбіт Атамқұлов.

Өндірісті іске қосу тұрғын үй бағасының төмендеуіне септігін тигізе ме деген сауал бойынша:

“ Болжамым бойынша бағалар тұрақталады. Себебі құрылыс компаниялары өзімізден шығатын өнімдерге сұранысты арттырса, инфляция импорты алынып тасталады”- деп жауап берді министр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...