Қазақстандық блогер Биланды мас күйінде түсіріп алғаны үшін әртістен кешірім сұрады

Танымал

Ел аузында

Ғаламтор беттерінде мас күйде болған ресейлік әнші Дима Биланмен түсірілген видеоны жариялаған қазақстандық блогер Біржан Әшім ресейлік өнер иесінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Танымал блогер бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Қазақстанда өткен тойға қонақ ретінде шақырылып, Биланның өнерін бейнежазбаға жазып алған блогер ресейлік әртістің айналасында жанжал шығарғанын мойындады. Ол өнерпаздан жағымсыз пікірлер үшін кешірім сұрап, оның жақсы әртіс екенін айтты. Біржан Әшім Биланның ерсі мінез-құлқы оның кумирге деген көзқарасына мүлдем әсер етпегенін қосып өткен.

«Сен мықты әртіссің, егер сен бұл жазбаны көріп отырсаң, сол кеште бізге мерекелік көңіл күй сыйлағаныңды және бәріміздің көңілімізді көтергеніңді білуің қажет», – деді ол. Сондай-ақ блогер таяқтың бір ұшы тиген жас жұбайлардан, қалыңдық пен күйеу жігіттің ата-анасынан да кешірім сұрады.

Еске салайық, 27 қарашада Біржан Әшім өз парақшасына Дима Биланның мас күйінде сөйлеген видеосын жариялаған еді. Ол музыканттың есін білмейтінін айтып, оны мас деп атаған. Концерттен кейін Билан жанкүйерлерінен кешірім сұрап, көзіне жас алды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...