Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4.3 C
Nur-Sultan
11.5 C
Almaty
11.8 C
Shymkent

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін шаралар өткізілді

Танымал

Ел аузында

Маңғыстау облысында ардагерлерді қолдау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Ардагерлердің туған күндері, мерейтойлары мен салтанатты мерекелерінде жас ұрпақты тарта отырып, Ұлы Отан соғысы, еңбек және тыл ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы Қарақиян аудандары мен Ақтау, Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ардагерлер ұйымының белсенді мүшелерін тарта отырып, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай патриоттық іс-шаралар өткізді. Мемлекеттік мекемелер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және жергілікті жастардың қатысуымен «Мемлекет рәміздері және ұлттық идеяны қалыптастыру мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Ж.Мәлібековтың қатысуымен облыс жастарына арналған вебинар өтті. Сондай-ақ, Жастар күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл жоба аясында барлығы 500-ден астам адам қамтылды.

Іс-шараларды «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры «Тәуелсіз Қазақстан – аға ұрпақ еңбегінің жемісі» жобасы аясында өткізді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...