Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Зейнетақы дүрбелеңі: Қазақстанда тұрғын үй бағасы 15 пайызға қымбаттайды

Танымал

Ел аузында

Зейнетақы салымындағы жеткіліктілік шегінің көтерілуі мен қаражатты алуға деген сұраныстың артуы баспана бағасына әсер етеді. Сарапшылар жылжымайтын мүлік құны тағы 15 пайызға дейін көтеріледі деп болжам жасады, деп хабарлайды “КТК” арнасы. 

Зейнетақы қорында қалуы тиіс қаражаттың шекті мөлшеріне қатысты ақпараттан соң баспанаға деген сұраныс артыпты. Риелторлардың жұмысы да жанданып, пәтер алуды көздегендер күрт көбейген. Тұрғын үй нарығындағы дүрбелеңді құрылыс компаниялары өз пайдасына шешуді әдетке айналдырған дейді мамандар.

Сондықтан саудаға түсетін баспананың әр шаршы метрі тағы шарықтайды. Бірақ олар бағаның бұлайша аспандауына жол бермеу үшін мемлекет шара қолдану қажет деп есептейді. Себебі, сарапшылар қымбатшылық қолдан жасалатынына сенімді. Соның салдарынан баспанаға шын мұқтаж жандар тығырыққа тірелуі мүмкін.

“Пәтер іздеушілер екі есеге артты. Зейнетақы қорындағы жинағын ипотекаға аударуды ойлағандардан көп. Оған қоса қолма-қол ақшаға баспана алушылар да қазір қозғала бастады. Өйткені олар жылжымайтын мүлік қымбаттайтынын түсінеді. Орташа есеппен келесі жылдың көктеміне дейін тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға көтеріледі. Содан кейін ғана баға тұрақтануы мүмкін”, – дейді тұрғын үй агенттігінің директоры Асхат Базарбаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...