Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
11.2 C
Almaty
15.8 C
Shymkent

Коронавирус пневмониясынан көз жұмған қазақстандық ұшқышқа марапат берілді

Танымал

Ел аузында

Пандемия кезінде шетелден азаматтарды тасымалдаған қазақстандық ұшқыш Болат Серікбаевқа қайтыс болғаннан кейін «Құрметті авиатор» сыйлығы табыс етілді, деп хабарлады ulysmedia.kz.

Азаматтық авиация комитетінің телеграм-арнасында хабарланғандай, марапатты Болат Серікбаевтың ағасының жұбайы алды.

«Серікбаев Болат Мұсаұлы SCAT Airlines АҚ «Боинг-757, 767» ұшақтарының командирі қызметін атқарды. Пандемия кезінде басқа елдерден Қазақстан Республикасының азаматтарын қайтару және гуманитарлық жүктерді тасымалдау бойынша рейстерді жүзеге асырды», – делінген хабарламада.

Комитет Серікбаевтар отбасына азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.

Болат Серікбаевтың 2020 жылдың 15 шілдесінде коронавирус пандемиясы шарықтау кезінде көз жұмған болатын. Өлімнің себебі – коронавирус белгілері бар пневмония. Болат Серікбаевтың авиация саласында 38 жылдық тәжірибесі болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...