ҚР сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев Премьер-Министр Асқар Маминге зейнетақы жинақтарын алудың жеткіліктілік шегін өсіру әдістемесін қайта қарауды сұрап, депуттаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігін беруді кезең-кезеңімен кеңейтуді тапсырғанын атап өтті.
«Ең төменгі жеткілікті шегін көтеруге байланысты қазіргі жағдай қандай болып тұр? Жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесі үкіметтің құзыретіне жатады. Жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатын БЖЗҚ салымшыларының саны енді күрт төмендеуі мүмкін. Егер 2021 жылы олардың саны 700 мыңнан астам азаматты құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш түбегейлі өзгереді. Өйткені, жеткіліктілік шегі ең үлкен қатысушылар үшін 63%-дан ал ең кіші қатысушылар үшін 82%-ға дейін өскені белгілі болды. Сондықтан қазіргі жағдай бұл бағдарламаның сенімділігіне нұқсан келтіреді», – деп атап өтті сенатор.
Ол сондай-ақ премьер-министрден қалыптасқан жылдық инфляция деңгейінен аспайтын шектік ықтималды арттыруды көздейтін, жеткіліктіліктің ең төменгі шектік мәнін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізуді қарастыруды сұрады.