Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Қазақстанда «омикрон» штамы бар ма – Цой жауап берді

Танымал

Ел аузында

Цой министрлік коронавирус штамдарына тұрақты түрде мониторинг жасайтынын атап өтті.

Қазақстанда коронавирустың «омикрон» штамы анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Цой министрлік коронавирус штамдарына тұрақты түрде мониторинг жасайтынын атап өтті.

«Коронавирустың жаңа «омикрон» штамының пайда болу қаупін ескеріп, Алматы қаласында осы штамға тән мутацияның бар-жоғына ПТР-скрининг жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша «омикрон» штамы анықталған жоқ», – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, елдің бүкіл өңірінен алынған оң сынамаларды толық геномды секвенирлеу жалғасып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматының біз білмейтін көшелері туралы «Ғашықпын саған» атты фильм көрерменге жол тартады

Ақпанның 5-нен бастап отандық кинотеатрларда режиссер Думан Еркімбек пен продюсер Жалын Тілеубергеннің «Ғашықпын саған» атты фильмі жарық көреді, -...