Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

2022 жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі

Танымал

Ел аузында

ҚР Үкіметі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаулы бойынша, аталған сала қызметкерлерінің еңбекақы тарифиндегі мөлшерлемелер былайша өзгермек:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде белгіленеді.

4. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...