Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Зейнетақы жинағын қолдану мерзімінің қысқартылуы: БЖЗҚ басшысы пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

БЖЗҚ төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы жинағындағы қаржының қолданылу мерзімі не себепті қысқартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын қордан алынған қаржыны үй алуға жұмсау үшін қазақстандықтарға 45 күн берілсе, жақында бұл мерзім 20 күнге қысқарды. 

Мәжіліс отырысында Құрманов зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдалану мерзіміне қордың жауап бермейтінін, бұл мәселемен «Отбасы банк» пен екінші деңгейлі өзге банктердің айналысатынын жеткізді. 

«БЖЗҚ-ға жүгініп, жинақты алмас бұрын, қандай үй алатынын мұқият қарап, тиісті құжаттарды дайындап алу керек. Біз соған назар аудардық. Ол ақша инвестициялық айналымнан алынғандықтан, адамға инвестициялық табыс әкелмейді. Сондықтан арнайы шотта жататын уақытты қысқартқан дұрыс», – деді Құрманов журналистерге берген жауабында. 

Оның сөзінше, үй алуға алдын ала қамданған адамға 20 күн жеткілікті. 
Айта кетейік, желтоқсан айының басында БЖЗҚ 2022 жылдың басынан бастап зейнетақы қорындағы қаржыны шешу үшін жеткіліктік шегінің көтерілетінін хабарлады. Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның бұл шешіміне халық наразыланды. 

9 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке бұрынғы жеткіліктік шегін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін создыруды тапсырды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...