Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда әскерге шақырылушылардың суицидке бейімділігін тексереді

Мәжіліс кулуарында әскердегі суицид тақырыбы көтерілді.

Танымал

Ел аузында

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әскерге шақырылушының цифрлы кескіні жүйесі жасақталып жатқанын айтып берді. Тұяқовтың пікірінше, бұл жұмысты әр аймақта әкімдіктер атқаруы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Балалармен ерте жастан бастап жұмыс істеу, оларды тану қажет. Балалар да, ата-аналар да әртүрлі болады. Жұмыстың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдармен байланысты. Біздің аумағымыз үлкен, көшіп-қону да көп. Оны үнемі бақылап отыру мүмкін емес», – деді Тұяқов. 

Оның айтуынша, қорғаныс министрлігі әскерге енді шақырылатын азаматтардың суицидке бейімділігін тексереді. 

«Қазір біз шақырылушының цифрлы кескінін әзірлеп жатырмыз. Ол жерде шақырылушының қандай спортпен айналысатыны, қай бағытта жұмыс істейтіні жазылады. Сондай-ақ, суицидке бейімділігіне баға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мұны ерте сатыда анықтап, қарулы күштерге хабар беруі керек. Сол кезде бізде суицид пен балалардың әскерге дайындықсыз келуі туралы сұрақ болмайды», – деді министрдің орынбасары. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...