Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Қазақстанда педофилдерден басқа кімдерге электронды білезік тағылады?

ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов пробация қызметі электронды білезіктердің көмегімен бақылайтын адамдар тобын атап өтті.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қадағаланатын тұлғаларды бақылаудың электрондық жүйелерін қолдану халықаралық тәжірибеге негізделмек, деп хабарлады ҚАЖК басшысы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, 2022 жылы 2500 құрылғы жалға беріледі.

«Біріншіден, олар кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұққандарға қолданылады. Бізде 330-ға жуық адам бар. Тағы бір санат – пробациялық бақылауда тұрған, оның шарттарын орындамай, бақылау кезінде белгілі бір бұзушылықтарға жол берген адамдар», – деп нақтылады Жанат Ешмағамбетов.

Оның айтуынша, электронды білезіктер нақты уақыт режимінде қадағаланушының қайда екенін, оның әрбір жағдайда сот белгілеген шарттарды орындап не орындамай жатқанын көруге мүмкіндік береді.

«Мәселен, адам түнде үйінен шықты ма, ойын-сауық мекемелеріне барды ма, тыйым салынған мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне жақындады ма, бәрі бақыланады. Қызметкерлер кімнің қайда екенін көреді, тәртіп бұзған жағдайда жазып алады», – деп түсіндірді. 

Бұл ретте ол қадағаланатын тұлғалар тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚАЖК заңға сәйкес бұрын қолданылған жаза түрін ауыстырып, бас бостандығынан айыру секілді жазалар тағайындай алатынын еске салды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...