Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

35 градусқа дейін аяз күтіледі: Жаңа жылға ауа райы болжамы жарияланды

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет Қазақстан бойынша 30 желтоқсан мен 01 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қара теңіз аудандарынан шыққан ауқымды антициклон, Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді.

Осыған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ 35 градусқа дейін аяз күтіледі.

30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста боран соғады.

31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады.

Республика бойынша тұман болжанады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін, Алматы облысының Алакөл ауданында 30 м/с дейін жетеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...