Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналиспен жанжалдасып қалды

Танымал

Ел аузында

Кикілжіңге байланысты парламентке полиция шақырылды.

Полиция қызметкерлері журналист Айнұр Коскинаның өтініші бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне келді, деп хабарлайды BaigeNews.kz. Ол бүгін отставкаға кеткен экс-депутат Бекболат Тілеуханмен жанжалдасып қалды.

Айнұр Коскинаның айтуынша, ол Мәжіліс ғимаратында экс-депутаттан сұхбат алмақ болғанда депутат оған күш қолданған. Журналист арыз жазуды көздеп отыр. Оның сөзінше, экс-депутаттың қолы бет жағына тиіп кеткен және моноподы екі бөлініп қалған.

Бекболат Тілеуханмен болған оқиғадан кейін Айнұр Коскина полицияға хабарлаған. Ал экс-депутат Парламент ғимаратынан шығып кеткен. Полиция қызметкерлері біраз уақыттан кейін келген.

Экс-депутаттың көмекшісі оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің...