Ішкі істер министрінің қанша айлық алатыны белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев пен оның орынбасарларының қанша айлық алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Еңбек сіңірген жылдары мен лауазымы ескеріле отырып, министрдің айлық жалақысы 1,3 миллион теңгені құрайды. Бұған оның жалақысы мен қосымша үстемелері кіреді. Оның орынбасарлары еңбек өтілі мен лауазымына қарай шамамен 1 миллион теңге көлемінде жалақы алады», – деп хабарланды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Министрліктің хабарлауынша, 2021 жылы айлық көтерілмеген. 

Бұған төтенше жағдайлар министрі 1 миллион теңге көлемінде жалақы алатынын жариялаған еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...