Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналиспен жанжалдасып қалды

Танымал

Ел аузында

Кикілжіңге байланысты парламентке полиция шақырылды.

Полиция қызметкерлері журналист Айнұр Коскинаның өтініші бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне келді, деп хабарлайды BaigeNews.kz. Ол бүгін отставкаға кеткен экс-депутат Бекболат Тілеуханмен жанжалдасып қалды.

Айнұр Коскинаның айтуынша, ол Мәжіліс ғимаратында экс-депутаттан сұхбат алмақ болғанда депутат оған күш қолданған. Журналист арыз жазуды көздеп отыр. Оның сөзінше, экс-депутаттың қолы бет жағына тиіп кеткен және моноподы екі бөлініп қалған.

Бекболат Тілеуханмен болған оқиғадан кейін Айнұр Коскина полицияға хабарлаған. Ал экс-депутат Парламент ғимаратынан шығып кеткен. Полиция қызметкерлері біраз уақыттан кейін келген.

Экс-депутаттың көмекшісі оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области обсудили вопросы профилактики и раннего выявления онкологических заболеваний

По инициативе Управления здравоохранения Алматинской области совместно с Фондом тюркоязычных журналистов и Алматинской региональной многопрофильной клиникой состоялся брифинг для...