Құқық қорғау органы өкілінің айтуынша, бұл үшін белгілі бір алгоритм бар.
«Маңғыстау облысының комендатурасына (Ақтау қаласы, 12-шағынаудан, 80-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан) және өңірдің Полиция департаментіне жазбаша өтініш беру қажет. Өтініште толық ақпарат, автокөлік туралы мәлімет, коменданттық сағат ішінде неге жүріп-тұратыны, кез келген уақытта байланысуға болатын телефон номерін көрсету міндетті», – деді Бақтыбаев «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.
Комендант рұқсат тек аса қажет болған жағдайда ғана берілетінін ескертті.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.