Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22.7 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
30.1 C
Shymkent

Маңғыстауда коменданттық сағат кезінде жүріп-тұруға қалай рұқсат алуға болады?

Маңғыстау облысының коменданты Жанарбек Бақтыбаев өңір тұрғындарына коменданттық сағат кезінде жаяу немесе автокөлікпен жүруге қалай рұқсат алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Құқық қорғау органы өкілінің айтуынша, бұл үшін белгілі бір алгоритм бар.

«Маңғыстау облысының комендатурасына (Ақтау қаласы, 12-шағынаудан, 80-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан) және өңірдің Полиция департаментіне жазбаша өтініш беру қажет. Өтініште толық ақпарат, автокөлік туралы мәлімет, коменданттық сағат ішінде неге жүріп-тұратыны, кез келген уақытта байланысуға болатын телефон номерін көрсету міндетті», – деді Бақтыбаев «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.

Комендант рұқсат тек аса қажет болған жағдайда ғана берілетінін ескертті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойған еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...