Олар террористер мен бұзақыларға қарсылық көрсетті. Арнайы қызмет ардагері, генерал-майор Руслан Мыңбаев «Хабар 24» телеарнасының эфирінде осындай пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның пікірінше, шабуылдаушылардың нақты талабы болмаған.
«Әдетте наразылық білдірушілер өз талаптарын айтады. Көп жағдайда олар әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық мәселелерге, жалақыны көтеруге және т.б. қатысты болады. Ал бұзақыларда, террористерде, экстремистерде мұндай талап болмайды. Олар қатыгездік көрсетіп, халықты қорқытып, тонағысы келеді. Бұл жағдайда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшыларына үндеу заңды және дәл уақытында жасалды. Біз Мемлекет басшысының бағытын жан-жақты қолдаймыз», – деп түсіндірді генерал-майор.