ҰҚШҰ күштері Қазақстандағы тағы 5 нысанды күзетке алды

Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлері бір тәулікте бес әлеуметтік маңызы бар нысанды қорғауға алды.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы 11 қаңтарда ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы, генерал-полковник Андрей Сердюков мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Известия» басылымына сілтеме жасап.

«Кейінгі тәулікте ҰҚШҰ бітімгершілік күштері тағы бес әлеуметтік маңызы бар нысанды қорғауға алды», – деді Андрей Сердюков журналистерге.

БЕлТА мәліметінше, Беларусь бітімгершілік күштерінің әскери контингенті Жетіген әскери аэродромы және оқ-дәрі арсеналы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сердюковтың айтуынша, қазір ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен нысандарды еліміздің құқық қорғау органдарына беру жоспарын әзірлеп жатыр.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерлері 10 күн ішінде Қазақстаннан шығарылатынын мәлімдеген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...